🔵🔵Халық емімен бауырды сауықтыру

Халық емшілері, мамандар бауыры ауыратын адамдарға емдәм ұстануға, оны мынандай тәсілдермен сауықтыруға ақыл-кеңес береді:

1. Жүгері собығының шашақтары мен жас жапырақтарын суға қосып шамамен 15 минуттай қайнатып, бұл қоспаны күн бойына екі кеседен ішу керек;

2. Күніне бір рет қызыл қызылша мен шалқаннан (редька) теңдей етіп, бір стакан шырынды;

3. Күніне бір кесе қайың шырынын;

4. Күніне екі-үш кеседен далалық салаубас (бессмертник) гүлінің тұнбасын;

5. Күніне екі-үш кеседен орман бүлдіргенінің жапырақ-тары мен сабақтарынан жа-салған тұнбаны ішкен дұрыс.

6. Дәрі бақбақ (одуванчик) тамырының 1 шай қасығын 1,5 стакан суда демдеп, 5 минут қайнатады. Шай сияқты ішеді.

7. Ыдысқа бір қабат бақ-бақ гүлдерін салып, оның үстіне бір қабат құмшекер салады. Оның үстінен ауыр затпен 1-2 аптаға бастырып қояды. Тосап орнына пайдалану керек.

8. Сусынтамыр (цикорий) тамыры, дала қырықбуыны (хвощ полевая) шөбі, мыңжапырақ (тысячелистник) шөбі, шайқурай (зверобой) шөбі. Әрқайсысынан 1 ас қасықтан алады. Осы қоспаның 1 ас қасығын ыдысқа салып, 1 стакан қайнап тұрған су құяды. 30 минут тұндырады. Күніне 2-3 рет тамақ ішер алдында 15-20 минут бұрын 3-4 стаканнан ішеді.

9. 1 кг балға 1 кг қара қарақат (черная смородина) араластырады. Күніне 3-4 рет 1 шай қасықтан ішеді.

10. Шайшөп (зверобой продырявленный) шөбі, түймешетен (пижма) гүлдері, мыңжапырақ шөбі, дәрі түймедақ (ромашқа аптечная) гүлдері, шоңайна (лопух большой) тамыры, итмұрын (шиповник) жемістері, шалфей шөбі, андыз (девясил) тамыры, қызылтаспа таран (горец птичий) шөбі, үштармақ итошаған (череда трехраздельная) шөбі. Әрқайсы-сынан 10 г алады. Осы қос-паның 1 ас қасығын 0,5 л қайнаған суда тұндырады. Кү-ніне 3 рет тамақ ішер алдында 30 минут бұрын 1/3-1/2 стақаннан ішеді.

Еще по теме:  Кавабанга ,друзья!

11. 1 ас қасық қаймаққа қайыңның қара майының (деготь) 1 тамшысын тамызып ішеді де, артынан 1 қасық бал ішіп жібереді. Бірінші күні қара майдың 1 тамшысын, екінші күні 2 тамшысын, үшінші күні 3 тамшысын қосады. Осылай 10 күнде 10 тамшыға жеткізеді. Содан соң кері қарай қара майдың мөлшерін азайтып ішеді. Балалар үшін бұл мөлшер екі есе аз болуы керек. Одан кейін 1 апта үзіліс жасайды.

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Балапаным ♕

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.