Соңғы қоңырау вальсін мен сенімен билесем…😍😅

1-қыркүйек… мектепке қарай асықтым,
Қанша күнді мен өзіңсіз жасыттым.
Асығуымның бір себебі өзіңсің
Себебі, мен өзіңе ғана ғашықпын.

Сен келгенде ылғи күліп қарсы аламын,
Осы еді ғой көптен бері аңсағаным.
Бір өзіңе қаншама жырлар жазып
Керек болса саған арнап əн саламын.

Əр күнімнің өткіздім сағаттарын,
Архивтердің ақтардым сан жақтарын.
«Көзден кетсе көңілден кетер»- дейді
Ал, бірақ мен сезімімді жоғалтпадым.

1-қыркүйек көңілді болды сен білсең,
Əр сəтімде қуантсаң ғой, күнде сен…
25-мамырға қойған мақсатым
Соңғы қоңырау вальсін мен сенімен билесем.

ЕРАСЫЛ МАДИХАН!!!

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев