Мүсет ел аралап жүріп, Саққұлаққа сәлем бере барыпты. Саққұлақ Мүсетті бұрын көрмеген екен.
— Кімсің-ей? — депті.- Уа, мен Керей Мүсетпін.— Е, Керейдің торы алалы жылқысын құртқан кесірлі Мүсет сен бе едің? Сонда Мүсет:- Е, кешегі заманда еліңді жау шауып, қызыңды қатын, қатыныңды отын қылған екен, о да менің қырсығым болғаны ма? — Саққұлақ сөзден тосылып қалып, қылышын ала ұмтылыпты. Мүсет үндемей үйден шығып кетіпті. Оны көріп Нұралы алдынан шығып, сәлем беріп:- Е, Мүсеке, би атама сәлем бермедіңіз бе, жол болсын?- Ағама барып едім, жынданып жатыр екен, — депті, Мүсет.- Олай болса, би, біздікіне жүріңіз, қонақ болыңыз, — депті Нұралы. Мүсет «жарайды» деп ілесіпті. Есікке жақындағанда бұрылып Саққұлақтыкіне қайта кіреді. Сонда Саққұлак Мүсеттің сәлемін алып:- Эй, Мүсет-ай, жарайсың, мені екі өлімнен алып қалдың-ау, жұрт мақтаса — мақтағандай екенсің, — депті. — Өйткені мен қылыш ала ұмтылғанда шабуым керек еді, шаптырмадың. Ол — бір. Екінші, сол бетіңмен кетіп қалмай, қайта келіп сәлемдесіп отырсың, бұдан артық білім бар ма?
_Шешендік сөздер_
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества БӨРІЛІ БАЙРАҚ !!!















