Өз әйеліңе қандай алғысыңды білдірдің?

Ол өзі кішкентайынан өскен үйін тастап, сенің отбасыңа қоныс аударады және әрбір жаңа туысыңа қызмет көрсетіп, көңілінен шығуға тырысады. Ерте тұрып, кеш жатып, күнделікті таңғы, түскі, кешкі астарды беріп, үй жинастырып, сол үйдің таптырмас адамына айналғысы келеді.

Аллаһ оған парыз қылмаса да, ол сенің туыстарың мен ата-анаңның жағдайын жасауға міндетті.
Ол өзінің жеке қажеттіліктері үшін сенен әрдайым қаражат сұрап тұрмайды, әр мезгілге киетін киімдері мен алғашқыда өзіне жеткілікті қаражатты бастапқыда төркінінен алып келеді.

Ол сенің балаңды көтереді, тоғыз ай бойы жалғасатын токсикоз, бас айналу. Осыдан соң босанады. Сенің балаларыңды босанудағы тартқан ауыртпашылықтарын сен ешқашан сезіне алмайсың.

Жүрегіңе ауырлық түскен кезде есіңнен танып қалғанда қалай саған ауыр тиіп еді? Сен ондайды түсінбейсің, өйткені, сенің ыстығың көтеріліп, тұмау болып ауырсаң болды – барлық күнәлардан тазаланып, жедел өлімді күтесің.

Одан кейін екі жыл бойы түн ұйқысыз емізулер, одан кейін балабақша, мектеп, сабақ, мұғалімдер, аурухана, анықтамалар, анализдер.
Енді сенің бала тәрбиелеудегі үлесің жайлы әңгімелессек. Бар болғаны, баланың жылағандағы шыдаған алғашқы бес минутың ба?

Немесе ол саған өз балаларың үшін бір нәрсе сатып алуды, бір нәрсе жасауды немесе бір жаққа барып келуді сұрағандағы сенің оған деген наразылығың ба?
Ұмытпа, оның саған туған балалары сенің тегіңді иемденеді және өмір бойы сенің ұрпағыңды жалғастырады! Олар сенің мақтаныштарың. Олар сен қартайғанда сенің жағдайыңды жасап, саған дұға жасайды.
Осының барлығы үшін оған сен қандай алғыс білдірдің?

Еще по теме:  7 мест для встречи Нового года в России

Оған деген қарым-қатынасың қандай? Ауыруға, шаршауға, ренжуге, қапа болуға құқысы жоқ, сенің әрбір шағымыңды, қорлығыңды, айыбыңды тыңдап және оған төзетін тегін қызметші ретінде көресің бе?

Аллаһ Тағала сондай жоғары дәрежеге көтеріп қойған жаратылысқа сен қалайша ондай қатынас жасайсың?

Фәни өмір есігін аша салысымен әкесіне Жәннат есігін ашатын, тұрмысқа шыға салысымен сенің иманыңды толықтыратын, ол ана болған кезде -Жәннат оның табанының астында, ал Жәннатта ол хор қыздарынан да артық, мүмін ер үшін ең үлкен сый.
Әйеліңе Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиет еткендей, шынайы мұсылмандай қатынас жаса, әйтпесе, сен Аллаһтың қаһарына ұшырап қалуың әбден мүмкін, ал Аллаһтың қаһарынан қорқынышты ешнәрсе жоқ.🌿

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Неке ♡ Қазақстан ✔

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.