СІЗДІ КӨРГЕН САЯБАҚ

Сізді көрген саябақ таныс маған,
Қимайды екен сүйгенін алысқа адам.
Сағынумен өтіпті сарғаюмен,
Сағаттарым өзіңмен табыспаған.

Сыйлағандай сөздерің бал — шырынды,
Ұғатынмын ішімнен жан сырыңды..
Жүректегі сезімді жеткізе алмай,
Жыр жазумен өткіздім жарты күнді.!

Қалам алып қолыма қара кеште,
Сол сəттердің барлығын алам еске…
Бақытын аңсаймын мəңгіліктің,
Махаббаттар біздегі дара емес пе?

Сіз десе көңілім шат, жаным айдын.
Ханшайымым, қымбаттым, абыройлым!
Жекелеген хаттарың жанды баурап,
Жетегінде қалдырды қалың ойдың..

Аз болмады түндерім ойға батқан..
Көздеріңді сағындым жайнаң қаққан.
Сезбейсің-ау жарқыным сезбейсің-ау,
Қызғанышты мендегі қайнап жатқан.

Сізді көрген саябақ таныс маған,
Асау сезім жүректі жаныштаған.
Сағынумен өтіпті сарғаюмен,
Сағаттарым өзіңмен табыспаған.

Есбол Бозан Өтежанұлы (2018)

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества • Өмір және Махаббат •

Еще по теме:  Экии. 2018 чылда торуттунген опеяларга ай чанында бээр 10 мун ашканы кылдыртырда...

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.