«Сағыныш»

Сіздегі шырын сөздерді сағындым,
Сөйлескен айлы түндерді сағындым.
Əлемнің нұрын көзіне жинаған,
Шам-шырақ сырлы көздерді сағындым.

Ботам деп атаған еркемді сағындым,
Ай сынды домалақ көркіңді сағындым.
Жүрекпен сүйем,жүректі сіздегі,
Жалғызым-жарығым гүлімді сағындым.

Жаныма мың дауа күлкіңді сағындым,
Қылығы тəп-тəтті жарымды сағындым
Қызғанып алатын бүртиіп қалатын,
Балапан бүлдіршін кезіңді сағындым.

Сіз деген сызылып сөзіңді сағындым.
Бір жүріп,бір күлген кезімді сағындым.
Теңесем теңі жоқ, əлемнің ғажабы,
Құлаққа жағымды үніңді сағындым.

Жұпары аңқыған иісіңді сағындым,
Толқындай бұйралы шашыңды сағындым.
Қабағым түйілсе шыр-пыр боп қалатын,
Тек мен деп жүретін сол жанды сағындым.

Сол жанды сағындым..

Əйй менің жүрегімнің жартысы.

Авторы:Мейіржан Тұрғанов..

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества ?Сағыныш сазы?