Мен жастарға сенемін

Жеке басқа табынатын зұлмат заман ауысты,
Менмін деген өркөкірек патшалардың бағы ұшты.
Міне, осылай ел тағдыры сыналатын сәттерде,
Әрбір қазақ өлімнен де артық қойған намысты.

Сол жігерлі, асқақ рухты Қазағымның ұрпағы,
Атты бүгін арман қылған бабамыздың зор таңы,
Сен есейдің, азаматсың, тұтқасы бол елімнің,
Әйтпегенде қарға-құзғын жем қылады, құртады.

Тақ пен бақты қимайтұғын,
Атақ, даңқты сыйлайтұғын,
Көп жыл бұрын кей адамдар жоғарыға бас ұрды,
Боқтың бәрін баққа балап, бас пайдасын асырды,
Желтоқсанда жанып-өшкен қайсар аға-әпкені,
Алқаштар мен наркомандар деп жазғырып, жасырды.

Бірақ біздер болдырмаймыз кешегі өткен салқынды,
Енді жерге қаратпаймыз жігері асқақ халқымды.
Тек рухани жаңғыратын, салт-дәстүрім сән құратын,
Жаңа заман жасаймын деп жас жүрегім талпынды.

Тарих куә талай елдің бағы, сірә, жанбаған,
Халқы арсыз және қамсыз, һәм опасыз сорлаған,
Рухсыз елдің болғанынан,
Рухсыз елде туғанымнан, тумағаным зор маған,
Ондай елдің, ханның және халықтың — барлығы да оңбаған.

Қасқыр мінез қазақ болып туғанына мақтанып,
Келер ұрпақ күй шертеді домбырасын ақтарып.
Көш басында жүру үшін мынау нарық әлемнің,
Саясатта сән-салтанат құру керек сақтанып.

Күннің нұры басып өтті қара түнек аспанды,
Жаңа дәуір, жаңа ғасыр, жаңа заман басталды.
Қара бастың күйін күйттеп жүргендерді ысырып,
Болу керек, жүру керек, қою керек жастарды.

Арманы асқақ болған соң қол созатын аспанға,
Әрбір сәтті бағалап, жыр қылатын дастанға.
Еліме егер төнсе жау қолына алар қылышын,
Алаш деп аттан салатын, мен сенемін жастарға.

Еще по теме:  Ηeвpoлoгия

Авторы: Қалжан Бақытжанов

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Махаббат, қызық мол жылдар

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.