МӘУЛІТ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

«Пайғамбарымызға (с.ғ.у.) салауат айту».

«Расында, Аллаһ тағала мен періштелері Пайғамбарға салауат айтады (яғни, Аллаһ оны мейіріміне бөлеп, мерейін өсіреді, ал періштелер болса, соны тілеп дұға жасайды). Уа, мүміндер! Ендеше, сендер де оған шын жүректен салауат айтып, сәлем жолдаңдар (яғни, оны шын жүректен жақсы көріп, сүннетін ұстаныңдар һәм ол үшін игі тілек тілеңдер)» («Ахзаб» сүресі, 56 — аят).

Әус ибн Әус (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.у.): «Шынында, апта ішіндегі ең қайырлы (сауапты) күндерің жұма күні. Сол күні маған көптеп салауат айтыңдар (229), өйткені айтқан салауаттарың маған арнайы (періштелер тарапынан) жеткізіледі», — дегенде, сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сіздің денеңіз бұзылып, топыраққа сіңгеннен кейін айтқан салауаттарымыз Сізге қалай жетпек?» — деп сұрады. Сонда ол: «Расында, Аллаһ тағала пайғамбарлардың денесін жерге харам қылды», (230) — деп айтты», — деген (Әбу Дәуіт, саләт 201).

(229) Яғни, мен үшін Аллаһқа дұға етіңдер.
(230) Яғни, қабірде олардың денесі шірімейді.

📚»(РИЯДУС — САЛИХИН) ИМАМ НӘУӘУИ.

Хадис саласының мәшһүр ғалымы Хафиз Жәләлуддин әс — Сиюти өзінің «Мәуліт нәбиді атап өтудегі жақсы мақсат» деген кітабында мәуліттің үкімі жайлы сұралған сұраққа былай деп жауап берген: «…Мәуліт мерекесі жақсы бидғатқа жатады. Бұл амалды атқарушы сауапқа кенеледі. Себебі, мәулітте Пайғамбарымыздың (с.ғ.у.) қадір — қасиетін құрметтеу әрі оның дүниеге келуіне қуануды білдіру бар» (276), — деп жауап берген.

Еще по теме:  ВСЁ О ВЕЗДЕХОДАХ ЗДЕСЬ

📚(276)»Али Жум’а, әл — Баян лима иашғалул — әзһан, 166 — бет, Каир, 2005 ж.,

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұсылман отбасылар үшін

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.