Кувейттік журналист Әбд әл-Әзиз Әлқинаи «Әл-Жазира» телеарнасындағы дебатқа қатысып отырып араб әлемінде сирек естілетін пікір — саяси Исламның атына, исламшылдардың атына сын айтты. Достарым ол тараптағы пікірталастардан да хабардар бола отырсын деп Әлқинаидың сөздерін қазақшалап қойдым:

«Секуляризм болмаса, Батыстан бір де бір мешіт таппас едіңіз. Ал дәл осы уақытта «үздік дін мен шариғатқа сәйкес билік құрып отырғандарын» мәлімдейтін мұсылман мемлекеттерінде христиандар мен басқа да мұсылман емес азшылықтардың хақы жоқтың қасы. 1905 жылы дін мен мемлекетті бөлу туралы әйгілі заң қабылдаған секуляр Францияда, астанасы Париждің өзінде қазір екі мыңдай мешіт бар. Ашық түрде азандарын айтып, құлшылыққа шақырып жатады. Осындағы бір әріптесім «секуляризм дінге қайшы, зиян» деп отыр. Бауырым, бұл сөздерің қисынсыз, мәнсіз әңгіме. Бұл сөзді секуляризмді бұрмалағысы келетін, исламшылдардың ісі күйрегенін қаламайтын адамдар айтады. «Араб революцияларынан» кейін саяси Ислам араб елдері мен Парсы шығанағына қиратудан басқа, діни ағымдар арасындағы қақтығыстан басқа және соғыстан басқа не әкелді? Сирия, Ирак пен Йеменде әлі өршіп тұр. Исламшылдар секуляризмді алкоголь мен жезөкшелік деп біледі. Ақылдарының жеткен жері. Секуляризмнен туатын бостандықтарды — билік алмасуын, адам абыройының қорғалуын, теңдікті, әділетті, басқа да ұсынатын еркіндіктерді көрмейді. Олардың бар көретіні – алкоголь мен жезөкшелік. Қайран қалам. Өздері Ислам тарихын оқымап па? Кішкентай қыздарды күң ету, жас балаларды құлдыққа салу болмап па еді? Саяси Ислам «араб елдеріндегі билігімнен айырылып қалам» деген қауіппен тиранияны қорғайды. Саяси Ислам араб халықтарының бағынышты, мүсәпір күйде қалғанын қалайды. Ал секуляр идеология Адамды азат етеді, ерік бостандығын беріп, діндарлардың гегемониясынан құтқарады. Араб билеушілері халқының осындай халде қалғанына мүдделі, ғапыл күйінде басқара беру үшін. Елді билеп-төстеудің саяси Исламнан оңай жолы жоқ. Секуляр адам ары кетсе сізге: «Көзқарасыңызбен келіспеймін» дейді. Ал саяси Ислам сізді өлтіруге дайын. Өлтіруге дайын! Сізге «дінбұзар» деген айып таға салады».

Еще по теме:  В Колпинском районе впервые пройдет Ижорский Бал

Аударған Ғалым Боқаш

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Заманауи Қазақстан

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.