Кәріс куксиі

✅ Құрамы:

🔹 Ет — 500 гр
🔹 Кукси лапшасы немесе Султанның Спагетти-1 — 1 пакет
🔹 Қырыққабат — 200-300 гр
🔹 Сарымсақ-1 бас
🔹 Қияр — 1 кг
🔹 Қызанақ — 0,5 кг
🔹 Сое соусы — 4-5 асқасық
🔹 Уксус қышқылы 9 % — дық (ол үшін 1 асқасық 70% — дық уксусқа 7 асқасық су қосасыз) — 6 асқасық
🔹 Кориандр — 1 асқасық
🔹 Қант
🔹 Тұз
🔹 Қызыл бұрыш
🔹 Сұйық май
🔹 Аскөк

✅ Қайнап жатқан 3 литр суға 4асқасық қант, 2 асқасық тұз, 6 асқасық 9 пайыздық уксус қышқылын, 4-5 асқасық сое соусын, 1 асқасық кориандр және 5-6 түйір майдалап туралған сарымсақтарды салып 5 минут қайнатып, отты өшіріп салқындатамыз.
Салқындағаннан кейін 3-4 қиярды ұзынша етіп турап, сорпаға саламыз. Аздап майдаланған чили бұрышын қоссаңыз болады. Етті ұзынша етіп турап, жұмсарғанша қуырамыз
Жұмсақ боп піскеннен кейін, сарымсақ салып 2-3 минут қуырамыз.
Үстіне 1 ожау дайын сорпа құйып, сорпасы таусылғанша бұқтырамыз. еттің майын дайын сорпаға құйып араластырамыз жұқалап туралған қырыққабатқа 1 шай қасық қант, 1 шай қасық уксус, 1 шай қасық тұз, аскөқ укроппен петрушка, 2-3 асқасық сұйық май, қызыл бұрыш салып, қолымызбен еземіз
Қайнаған суға лапшамызды саламыз. 5 -7 минут жеткілікті, себебі бұл өте жіңішке. Піскеннен кейін мұздай суға құйып, лапшаларымызды салқындағанша жуамыз. Таза ыдысқа осылай орап қоямыз. Ыдысқа салып, үстіне ұзынша туралып тұздалған қиярмен қызанақтарды, етті қырыққабатты бөлек-бөлек салып сорпасын құйыңыз!

АС БОЛСЫН! 😋

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Аспаздық