«Дүниеңмен өлшенбейді амалың»

Сабақ болса әрбір күннің парағы,
Ашылмас ед(і) адамдардың араны.
Қарапайым болу ғана түзейді
Тәкаппарлық жаулап алған сананы.

Қорыққанның құлы болған пенделер,
Сыйлағанды сыйлаудан да қалады.
Өмір мәні ақша, атақ, абырой
Деген адам қалай бақыт табады?!

Кімге керек кісілігі кісінің,
Берген құдай бір күн қайта алады.
Дүниеңмен өлшенбейді амалың
Өлшенетін жақсылықтың сауабы.

Көкірегі көкті тіреп тұрса да,
Жерде екенін ұмытпасын табаны.
Алда-жалда жер қимылдап кетсе егер
Қабіріңе жаңбыр жасы тамады.

Сабақ болса әрбір күннің парағы,
Ашылмас ед(і) адамдардың араны.
Қарапайым болу ғана түзейді
Тәкаппарлық жаулап алған сананы.

Жәнібек Салқынбек

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества •ДІНИ ӘҢГІМЕЛЕР•

Еще по теме:  Moщный, gомaшнuй мemоg пpoкачки пpessа!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.