Бірде әділетті халифа Омар ибн әл-Хаттаб базарда жүрген сәтінде бір адамның:

«Иә, Алла мені құлдарыңның ішіндегі «аздардың» қатарынан қыла гөр! Иә, Алла, мені сол «аздардың» қатырынан қыла гөр!»,-деп дұға тілеп отырғанын құлағы шалып қалады. Әлгі адамның жанына келіп:

«Сен бұл дұғаны қайдан алдың?»,-деп сұрайды.

 Әлгі адам оған:

“Алла Тағала Құранда былай деген: 

«Құлдарымның ішінде шүкір етушілері өте аз»,-дейді.

Сонда Омар жылап жібереді де өзін сөгіп:

«Омардан басқаның бәрі хабардар (білгір)! Иә, Алла! Мені де сол «аздардың» қатарынан қыла гөр”-деп жалбарына дұға жасаған екен…

Кейде баз біреулерге күнәдан аулақ болуды ескерте қалсақ:

«Бірақ, мұны жалғыз мен емес адамдардың көбі жасайды емес пе!»,- деп жауап береді.

Ендеше, “адамдардың көбі” деген сөздің Құрандағы қолданысына назар аударар болсақ, адамдардың көбі

“білмейді” («Ағраф» сүресі, 187-аят),  

“шүкіршілік етпейді” («Бақара» сүресі, 243-аят)

“сенбейді” («Һуд» сүресі, 17-аят) деген сөздермен қатар келетінін көреміз. 

Ал, олардың «көпшілігі» деген сөзге қарасақ

“бұзақы” («Мәида» сүресі, 59-аят),

“білмейді” («Әнғам» сүресі, 111-аят),

“жалтарады” («Әнбия» сүресі, 24-аят) және “тыңдамайды” («Әнфал» сүресі, 21-аят) деген сөздермен қатар қолданылатынына куә боламыз.

Олай болса, Құранда аталған «аздардың» қатарынан болуға тырысайық.

 

Алла Тағала Құранда:

«Құлдарымның ішінде шүкір етушілері өте аз» («Сәбә» сүресі, 13-аят)

«Негізінде, онымен бірге иман келтірген өте аз ғана еді» («Һуд» сүресі, 40-аят)

«Жәннат бағында нығыметке бөленеді, бұрынғылардан көбірек, соңғылардан азырақ» («Уақиға» сүресі, 12-14 аяттар)

Ислам ғұламалары: «Ақиқаттың жолымен жүр және бұл жолды адамдардың ішіндегі аздары таңдайтын жалғыздық сені мұңайтпасын, өтіріктің жолынан сақ болғын әрі күнәһарлардың (көптігі) сені алдамасын»,- деген.

Еще по теме:  Мой первый сексуальный опыт, или как мы с учительницей не только английским занимались

Алла Тағала бізді сол «аздардың» қатарынан қылсын. Әмин!

🍃 муфтият.кз сайтынан алынды

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества نكاح Никаһ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.