🍀 Бір күні Аллаһтың Елшісі с.а.с.
әйелдерге байланысты былай деді: «Сіздердің әр біріңіз бақытты емессіздер ме? Күйеулеріңізден құрсақ көтерсеңіздер, ал күйеуі оған разы болса. Егер осылай етсеңіздер ол әйелдің аяғы ауыр болған әр бір күніне, күні бойы ораза ұстап түнімен намаз оқып шығушының сауабындай сауап жазылады. Босанар уақыты жақындап, қиналған уақытта, аспандағы періштелердің өзі де Аллаһтың ол әйел үшін қандай сый-сияпат әзірлегенінен бейхабар болады. Дүниеге нәресте әкеліп, көкірегіндегі сүтімен баласын емізген әр бір сәті үшін де Аллаһтың сол әйел үшін дайындалған сыйлығын алады. Нәресте түнімен жылап, анасына ұйқы бермей, ал анасы түні бойы баланы жұбатып, емізіп шыққандығы үшін Аллаһ жолында жетпіс құлды азат еткендей сауапқа ие болады. Сіздер менің қандай әйелдер жайында сөз жүргізгендігімді білесіздер ме? Олар Аллаһқа мойынсынушы, күйеулеріне бағынып, айтқанынан шықпаушы әрі істеген жақсылықтарын тез арада ұмытушы әйелдер».
📝 (Хадисті Хасан ибн Суфяннан Табарани риуаят еткен)
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества • Ислам діні — ең таза дін