Бүгін — ИСЛАМ жеңіске жеткен күн.
«Қазақстан барысы — 2017» атағы енді Ерғали ахида. Ол жеңіске сөзсіз жетті, Аллаһ ол жігіттің мерейін үстем етті. Қос бірдей барысты алып ұрды, биылғы «Əскер барысы — 2017» атағы тағы бар.
Сақалдының бəрі «уахабшы» дегендердің арты бір уыс болды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сүннетін ұстанған бауырымыз мықтылығын дəлелдеді.
«Сыр барысы — 2017» — бұған дейін дзюдо бойынша ҚР чемионатында алтын алқа тағынып, Ислам ойындарында қола жүлдеге қол жеткізген. Сонымен бірге «Студент барысы — 2017» турнирінің чемпионы, Т. Жолдыбаев атындағы халықаралық жарысы жеңімпазы, «Қазақстан барысы — 2016» турнирінің қатынасушысы.
Бір қызығы біраз сайт Ерғалидың ертеректегі, сақалсыз суретін жариялап жатыр. Бірақ, Ерғалидың бүгінгі түрі елге таныс, мұнымен не жасырмақ!
Қажымұқан бабамыз кезінде «қажы» атағын түрік балуанын жеңгені үшін алған деп келген еді кешеге дейін атистер, бірақ палуан ұрпағына Меккеге барғанын өз аузымен айтып кеткені бүгін дəлелденді.
Өтініш, палуанның енді сақалын тиіспеңіздер. Ол — СҮННЕТ, ал, Бүгін ИСЛАМ жеңіске жеткен күн!!!