Ассалаумағалейкум !

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс селолық округі, Қаражар селосының тұрғыны, аталас жақын ағайнымыз Бисен Жақанұлы атамыздың «Өмір өткілдері» кітабында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі болған Құрманғазы Айтмұрзаев Зейноллаұлы ағамыз туралы анық өмір деректері жазылған!

Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.

1986 жылы Алматыда болған айтулы Желтоқсан көтерілісін ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген Құрманғазы Айтмұрзаев, Бақтыбек Иманқожаев, Үсіпхан Сейтімбетов, Аманбай Қанетов сынды студенттер бастаған жастар басқа оқу орындарының жатақханаларын аралап, ұлт мүддесі аяққа тапталып жатқанда қарап отырғанымыз жарамас деп, өз ойларымен бөлісіп, шеруге шығуға келісіп, түнімен ұрандар жазып, алаңға шыққаны, полицияның темір таяғы жон арқасын тілсе де, рухын ешкімге таптатпағаны қазіргі жастардың ой-санасында аға-апалары жасаған ерлік болып қалары сөзсіз.

Тарихи шежіреге келетін болсақ Адай-Шалбар-Тоқпанбет-Әлібегінен тарайтын Бердалы, Теген, Жаманқұл, Жаманғара, Көтен ұрпақтарының еншілес балдары бір көш құрып, арғы жағы Тайсойған-Бүйрек құмдары, Ойыл-Қуырдақты өзені, Барқын құмдары маңы, бергі жағы Қарауылкелді, Жарқамыс, Оймауыт маңын мекен етіп жүрген көш болатын!Осы көштің көбі 1916- 1926 жылдар аралығында зобалаң, қуғын сүргінде Түрікменстан жеріне кеткен. Сол аласапыранда екі-үш аталық аздаған көш Қаражар-Жарқамыс жерінде ілеспей қалған. (Құрманғазы ағамыздың ата жігі Адай – Құдайке – Қосай – Байбол — Мәмбетқұл (Шалбар) –Тоқпанбет — Әлібек – Жаманқұл – Жансарысынан тараған )
Құрманғазы ағамыздың ата бабаларыда 1926 жылы Түрікменстан асқан. 1968 жылы Зейнолла әкесі Қаражар -Жарқамыс жеріндегі аталас ағайындарына көшіп келіп, Қаражар орта мектебінде 23 жыл бойы мұғалім болған. Анасы Дәмеш мектептің шаруашылық саласында істеп зейнеткерлікке шыққан. Құрманғазы (1963 ж) ағамыз Қаражар -Жарқамыс жеріне көшіп келгенде 6 жасар бала екен (Айтмұрза атасының бейіті қәзіргі Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы Дәуімшар қорымында жерленген делінген кітапта).

Еще по теме:  Эффектный костюмчик😍

Құрманғазы Айтмұрзаев ағамыз әлемді сілкінткен Алматы қаласындағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі ретінде ұсталып, 4 жылға сотталып жазасын өтеген. Осы көтеріліс туралы зерттеген қаламгерлер тарих ғылымының докторы Манаш Қозыбаев, Парламент мүшесі Мұқай Жұмақанов, заң ғылымының кандидаты Сабыр Қасымовтар Құрманғазы ағамыздың төңірегінде мақалалар жариялады. Олар «Әрқашан әділет жеңеді»(11.12.1993, Ақтөбе газеті), «Ұлым халқы арасынд адал»,( 16.12.1993, Ақтөбе газеті), «Ұйтқы болған кімдер еді» («Алтын Орда» газеті, №42, 2001), «Біз төртеу болатынбыз», («Алтын Орда» газеті, №46, 2001).

«Мәскеудің қиянатшыл өктемдігіне қасқая қарсы тұрып, өр дауыспен үн қата білген, алаңдағы бейбіт шерудің алдыңғы қатарында көрінген батыл да, абзал азаматтардың аттарын атау, оларды орынды құрметке бөлеу болып табылады. Олар Алматы көркем сурет-өнер институтының студенттері: Айтмұрзаев Құрманғазы, Бақтыбек Иманқожаев, Үсіпхан Сейтімбеков, Аманбай Қаметов» (заң ғылымының кандидаты Сабыр Қасымов, «Егемен Қазақстан», №215, 17.12.1996 жыл).
Құрманғазы Айтмұрзаев ағамыз қәзіргі таңда Алматы қаласында тұрады.

Тәуелсіздігіміз биік, еліміз тыныш, аспанымыз ашық, ауыз біршілігіміз мығым болсын!

«Мәмбетқұл (Шалбар) ұрпақтары» сообществасына тіркелуге ағайындарды шақырамын сілтеме https://vk.com/mambetkul_shalbar_urpaqtary

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Ұлы Адай Ұрпақтары

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.