Ардақ Сәулетке Минскіде ота жасалды

«Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Ардақ Сәулетке бірнеше рет қаралымнан өткеннен кейін «шаптың арнаішілік жарылуы» деген диагноз қойылып, Беларусь емханаларының бірінде ота жасалды.

Бұндай оталардан кейін ойыншылар бір айдың ішінде қалпына келіп жатады. Ардақ қазір өзін жақсы сезініп жатыр, бір аптадан соң елге қайтады.

Ардаққа тезірек жазылып, қатарға қосылуға тілектеспіз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества "АҚТӨБЕ" ФК жанкүйерлерінің ресми тобы