Анон.
Менің атым – Нұрлан. Жасым 7 де. Мен өзімнің анам – Жансаяны және әкем – Асқарды қатты жақсы көрем.
Шынымды айтсам жақсы көрем, бірақ кейде олардан қатты қорқамын. Олар мені үнемі ұрады, соққыға жығады. Неге ұратынын білмеймін? Ешқандай жазығым болмаса да мені ұра береді…
Таң ата салысымен ұйқымнан оянып, мектепке бардым. Мен жақсы оқитынмын, сынып жетекшім, яғни Жұлдыз апай, мені өте жақсы көретін. Ал мен барлық сыныптастарымды жақсы көретінмін. Білесіз бе? Менің досым жоқ.. Қоңырау уақытында, мен сыныпта отырамын да, қарындашпен сурет саламын. Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Мен сыныптастарымның жанына барып, олармен ойнағым келеді. Бірақ олардың барлығы да мені итеріп тастап: “Жоғал бар! Сенің түрің жаман!” дейді..
Білесіз бе, олар мені неге “Түрің жаман” дейтінін? Себебі, менің бетімде үлкен тыртық болатын. Әкем мені қатты ұрған кезде бетім жараланып, сол тыртық бетімнен кетпей қойды.
Мен ол сөзге ренжімеймін, себебі оларды жақсы көремін..
Дәл осы күні, сабақтан шыға салысымен үйге келдім. Үйге келіп, ескі киімдерімді киіп далаға шықтым. Дала – аяз! Қақаған қыс! Күннің суығынан қатты тоңып, әлім құрып зорға жүрдім.. Сөйтіп жүргенімде, артқы жақтан бірнеше бала келіп, мені ұрып-соғып, жерге құлатып, тепкілей бастады. Олардың бірі: “Сенің түрің өте жаман! Сенің түрің қорқынышты! Сен ешкімге керек емессің.. Қаңғыбас!” дегенін естіп қалдым..
Мен қатты жыладым.. Олардың ұрғанына немесе тоңғаным үшін емес, достарым болмағаны үшін жыладым.. Ал мен оларды сонда да жақсы көремін..
Үйге жылап келдім. Сыртқы бейнемді көріп, анашым шашымнан қысып ұстап, оны тартқылап айқайлай бастады:
– Қайда болдың, оңбаған?! Мына түрің не?! Ақымақсың ғой сен! Тамақ ішемін деп ойлама! Бөлмеңе жоғал!
Мен үндемей өз бөлмеме барып, тыныш отырдым. Мен таяқ жеп үйреніп қалдым.. Үсті-басым ылғал болып, қарным ашып отырып, сол жерде ұйықтап кетіппін..

Еще по теме:  Как правильно сочетать кондитерские изделия и спиртные напитки? Ответы здесь . Ароматный Мир 18+ вчера в 18:17 Не считайте калории, отдыхайте на полную катушку!

Осы жағдайлардан соң сабағым нашарлап кетті.. Түк түсінбейтінмін. Бұл үшін әкем мені талай ұратын еді. Бір күні ол менің алақанымды балғамен ұрды. Ауыр соққыдан бармақтарым қимылдамайтын болды..
Сыныптастарым одан да бетер мазақ ететін болды..
Күндер өтіп жатты.. Бір күні менің жүрегім қатты шаншып, ауырып қалды.. Әкем мен Анам, сол баяғыша ештеңе істемеді.. Түнде не қалайтынымды білесіз бе??! Жүрегім ауырмағанын қалап, жылайтынмын.. Бірақ бұл жайлы әкем мен анама ештеңе демейтінмін.. Олардың басын ауырқым келмейтін..
Ал бір күні, мектепте “Менің арманым” тақырыбына арнайы сурет салу керек болды.
Бәрі машина, ракета және қуыршақтар салып жатты. Ал мен олай емес..
Себебі маған керегі олар емес болатын. Маған керегі қамқор әкемен, мейірімді ана еді..
Мен тату-тәтті отбасын қағаз бетіне бейнеледім.. Әкеммен Анам және қуанып теннис ойнап жүрген кішкентай балақай.. Мен ол суретті салып жатып, үнсіз жылап отырдым. Себебі, бұл менің орындалмас арманым емес пе?!
Салынған суретті бүкіл сыныпқа көрсеткенде, барлығы мені мазақтап, күлкі қылды..
Мен тақта алдында тұрып, суретімді барлығына көрсетіп: “Менің арманым, ол менің – отбасым” деп едім, барлығы күле бастады..
Ал мен ештеңе деместен көзімнен жасымды сырғытып, үнсіз ғана тұрдым.. “Өтінемін, күлмеңіздерші.. Бұл менің арманым ғой.. Мені әкеммен анам үнемі ұрады, жақсы көрмейді.. Мазақ етпеңіздерші, өтінемін.. Мені де анам еркелеткенін, бетімнен сүйіп, жылы сөздер айтқанын қалаймын.. Күнде сабақтан соң, мектеп бір бұрышында тұрып, сіздерді ата-аналарыңыз алып бара жатқанын көріп, қатты қызығамын.. Ал мен ешкімге керек емеспін, мен оны жақсы білемін..” дедім де қатты жылап жібердім.. “Бармақтарым жасамайды, түрім әдемі емес, киімдерім де ескі-құсқы.. Бірақ, менің кімнем не?! Мен өз ата-анамды қатты жақсы көремін және оларды ренжіткім келмейді.. Өтінемін, ең болмаса сендер мені түсініңіздерші..”
Сынып жетекшім де жылап жіберді.. Көбісі мені түсінгендей болды, бірақ мазақтауын тоқтатар емес..
Бір күні Орыс тілі сабағынан 2 алдым.. Үйге баруға қатты қорықтым.. Себебі, анам ренжитін еді.. Бірақ, басқа барар жерім жоқ қой.. Үйге бардым, анам 2 алғанымды біліп қойды..
Ол менің ауыратын бармақтарымнан тартып, жерге сүйреп құлатты.. Басым үстелге қатты тиді.. Басым қатты ауырып, ештеңе деместен жата қалдым..
Қатты соққы алып, еден үстінде жаттым.. Орнымнан тұра алмадым.. Аяқ-қолым жансызданып қалды.. Анам мені ұрып-соғып сыртқа шығып кетіпті.

Еще по теме:  #СПб

Анам даладан келе салып:
“- Сені қанша жыл өсірдік. Ал сен ең болмаса сабақты дұрыс оқи алмайсың! Оңбаған! Қазір әкең келсін, сазайыңды береді! Мен сені аямаймын!”
Мен тек:
“- Мама, өтінемін, әкеме айтпаңызшы! Мен түзелемін! Уәде беремін” деп айтып үлгердім.. Әкем келді..
Ол да мені қатты ұрып соғып, талдырып тастады.. Басқа ештеңе есімде жоқ..
Ауруханада ояндым.. Алақаныма қарасам, бармақтарым мүлде жоқ екен.. Терезеден қарап отырып, жылай бердім.. Жаңа Жыл жақындап қалған еді.. Балалар ойнап жүрді.. Аналары оларды еркелетіп, сүйіп жатқандарын көріп, қатты қызықтым.. Ал мен анамның күлімдеп, мені еркелеткенін ешқашан көрмеген едім..
Олар мені тек ұрып-соғуды ғана білетін еді..
Сынып жетекшім келіп, жағдайымды сұрап, біраз көңілімді көтерді.. Ол менің жақын досым..
Жарты жыл өтті.. Мен жақсы оқи бастадым.. Бір күні үйде отырып, ішіп отырған шайды төгіп алдым.. Олар мені тағы да ұра бастады..
Кенеттен жүрегім ауырып қалды. “Мама! Мама! Жүрегім ауырып жатыр” дедім.
Ол мән беретін емес..
Тағы да ауруханаға жатып қалдым.. Ата-анам мүлде хабар алмайтын болды.. мен оларды күтетінмін..
Олар менен бас тартты..
Ал мен оларды әлі де сүйемін! Жақсы көремін!

Нұрлан есімді балақай екі өткен соң, ауыр травмадан көз жұмды..
Оның қолында аяқталмаған осындай мәтінді хат тұрған еді:
“Маматай! Әкетай! Осындай болғаным үшін кешіріңдерші.. түрім жаман болғаны үшін.. ақымақ болғаным үшін.. Мені сүймегендерің үшін кешіріңдерші.. Кешіріңдерші, өтініп сұраймын..
Мен сендердi ренжіткім келмейді.. Менің бар тілегім, анамды құшақтап, оны жақсы көретінімді айтқым келетін еді..
Әке, мен сені де жақсы көремін.. Қанша ұрсаң да сені жақсы көре беремін.. Сенімен футбол, баскетбол ойнағым келетін еді.. Қыдырып жүруді қалайтынмын..
Кінәлі екенімді білемін..
Мен сендерді қатты сүйе….”

Еще по теме:  "Сүйем" деп айтпайм, шалқайып кетіп жүрерсің :)

Ары қарай жалғасы жоқ еді.. Дәл осы сәтте баланың жүрегі тоқтаған екен..
Бұл ойдан құрастырылған оқиға емес.. Өмірде болған оқиға.

Эта статья была автоматически добавлена из сообщества

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.