АЙРАНМЕН ҮЛПІЛДЕК ОЛАДЬИ
Қажетті заттар:
— 700 мл айран
— 1 жұмыртқа
— 1-2 ас қасық сұйық май
— 1 шəй қасық сода
— аздаған тұз
— 2-3 ас қасық қант
— ұн
— сұйық май қуырғанға
1. Айранды жылытып, оған жұмыртқа, сұйық май, қант, тұзды қосып араластырамыз. Сосын ұнды қосып, біркелкі қамыр болғанға дейін араластырамыз. Қамыр біркелкі болғанда соданы қосып, тағы да жақсылап араластырамыз.
2. Енді табаға аз-аздан майды құйып отырып, оладьиді пісіреміз.
Дайын оладьиді дастарқанға қаймақпен ұсынамыз.
Асыңыз дәмді болсын!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қарапайым тағам түрлері