АҚТӨБЕЛІК МАМАНДАРҒА «ӨҢІРЛІК АТТ МҮШЕСІ» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Орал қаласында өткен республикалық оқыту курсына батыс өңіріндегі төрт облыстан келген мамандар қатысты.
__________
Семинар барысында ✔шешендік өнердің негіздері, ✔блогерлік жұмыс,
✔психологиялық тұрғыдан деструктивті діни ағым өкілдерінің белгілерін анықтау, ✔Қазақстан тарихы мен мәдениеті,
✔Қазақстандағы радикалды және экстремистік идеологияның түрлері сынды тақырыптарда Республикамызға танымал тәжірибелі мамандар, ЖОО оқытушылары дәріс оқыды.
________
22 қазан күні басталған семинар бүгін қорытындыланды. Қатысушыларға «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау» курсын нәтижелі аяқтағанын куәландыратын сертификаттар берілді.
________
Оған қоса семинар шарттарына сәйкес ауызша және жазбаша тапсырмаларды толық орындап, қорытынды атестаттау тестінен жоғары көрсеткішке ие болған мамандарға «Өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» куәлігі табысталды.
________
P.S. Шара соңында семинар жайында пікір мен ұсыныстарды білу мақсатында сауалнама толтырылып, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
@irg.kz
@uralskakimat
@indira_berkimbaeva2303
@din_aktobe
@dinmartuk
@din_hromtau
@din_qogam
@baiganin_din
@din.shalkar
@temir_din
@dinkargaly
@alga_din
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Аңсар орталығы